• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 11 Наурыз, 2022

Доллар бағамы тағы да көтерілді

335 рет
көрсетілді

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 510,79 теңгені құрағанын хабарлады. 

Таңғы сауда-саттықта доллардың орташа бағамы 510,25 теңгені құраған еді.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша қытай юанінің орташа бағамы 80,75 теңгеге (+0,14) жетті. Ресей рублі мен еуро бойынша сауда жүргізілген жоқ.

Ұлттық банк рубльдің бағамын 4.29 теңге, еуроны 562,87 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды 513-519 теңгеден, еуроны 593-603 теңгеден сатып алады/сатады. Рубль 4-5, 3 теңге.