• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Футбол 11 Наурыз, 2022

Он тоғыз жастағы футболшыға үш команда таласып отыр

296 рет
көрсетілді

Испаниялық «Вильярреал» футбол клубының жартылай қорғаушысы Йереми Пиноны бір емес, үш бірдей еуропалық мықты команда қатарына қосқысы келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Он тоғыз жастағы футболшыға Испанияның «Реал», Ұлыбританияның «Ливерпуль», «Арсенал» командалары көз тігіп отыр. «Вильярреал» футбол клубының басшылары қапталда ойнайтын жартылай қорғаушыны 80 миллион еуро ұсынған командаға ғана жібереді. Өйткені келісімшартта сондай пункт қарастырылған.

Кәрі құрлықтың үздік ұжымдары 80 миллион еуроны төлеуге дайын екендіктерін де байқатып отыр. Олар жас футболшының ұзақ жылдар бойы жоғары деңгейде ойнай алатындығына сенімді.