Қазақстанның Елшісі Нұрбах Рүстемов Румынияның Энергетика министрі Вирджил Попескумен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар 2021 жылғы ынтымақтастықтың қорытындыларын талқылады, ағымдағы жағдайды қарастырды және орта мерзімді перспективаға арналған жоспарларды белгіледі.
Әңгімелесу барысында Елші Қазақстанның Румыниямен энергетика саласындағы қарым-қатынасты нығайтуға дайындығы туралы ұстанымын жеткізді.
Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз Интернейшнл» компаниясының дамуы және оның қазақстандық энергетикалық ресурстарды Еуропаға экспорттаудағы белсенді қызметі туралы да сөз болды.