• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Коронавирус 12 Наурыз, 2022

Елімізде 9 млн астам адам коронавирусқа қарсы вакцинациядан өткен

189 рет
көрсетілді

Қазақстанда коронавирусқа қарсы 9 млн астам адам толық егілді, деп хабарлайды Egemen.kz індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

11 наурыздағы дерекке сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың 1-ші компонентін 9 419 678 адам, 2-ші компонентін 9 061 561 адам салдырды.

Бұған дейін елімізде жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасып жатқанын жазған едік. Бүгінге дейін 895 411 адам вакциналанды.