Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2% - ға өсті. Бұл туралы Үкіметте өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2% - ға өсті. Оның ішінде қырыққабат 1,6%-ға, қант 0,6%-ға және картоп 0,5%-ға қымбаттаған. Өңірлер арасында бір апта ішінде бағаның ең жоғары өсуі Маңғыстау облысында тіркелді, онда баға 0,8%-ға, Қостанай және Қызылорда облыстарында 0,4%-ға көтерілгені байқалды.
Премьер-Министрдің орынбасары аталған өңірлердегі әкімдіктердің жұмысын сынға алып, азық-түліктің әрбір атауы бойынша бағаны бақылауды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, сауда субъектілерінің рұқсат етілген сауда үстемесін сақтауын бақылау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуді тапсырды.