Бұл жайлы eGov.kz порталының әлемуеттік желідегі ресми парақшаларында «Маңызды ақпарат!» айдарымен мәлімет пайда болды.
«14 наурыздан бастап eGov.kz порталының пайдаланушылары үшін логин/пароль және бір реттік СМС арқылы кіру жеке-жеке қол жетімсіз болады.
Енді eGov.kz порталындағы деректер екі факторлы аутентификациямен қорғалады.
Олар:
• логин / ЖСН енгізу;
• құпиясөзді енгізу;
• мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне жіберілетін бір реттік СМС-кодты енгізу арқылы кіруді растау қажет. Осылайша қауіпсіздіктің жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі», - делінген хабарламада.
Аталған әрекеттерді компьютер арқылы қалай іске асыруға болатыны туралы бейне-нұсқау да берілген.
«Енді eGov порталына кіру үшін пайдаланушылар логин немесе ЖСН-ді енгізіп, құпия сөзді теру қажет. Телефон нөміріне жіберген бір реттік SMS-кодты енгізу арқылы кіруді растау керек. Осылайша қауіпсіздіктің жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі», - делінген бейне-нұсқауда.