• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Елорда 13 Наурыз, 2022

Елорда маңына қатынайтын 3 жолаушылар автобусының қозғалысы тоқтатылды

137 рет
көрсетілді

Ауа райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының маңына қатынайтын 3 жолаушылар автобусының қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сағат 12:00-ге өзекті ақпарат: ауа райының нашарлауына және тасжолдардың жабылуына байланысты қала маңына қатынайтын № 310, 315 және 317-інші бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қала маңына қатынайтын басқа бағдарлар желіде», - делінген City Transportation Systems компаниясы таратқан хабарламада.

Еске салайық, кеше ауа райы жағдайына қатысты елорда іргесіндегі елді мекендерге қатынайтын № 315 және 316-ыншы автобустардың қозғалысына уақытша тыйым салынған болатын.

Синоптиктер 13 наурызда Ақмола облысының оңтүстік жартысында жаяу бұрқасын болатынын, шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғып, оның күші 15-20 м/с жететінін ескерткен болатын.

Нұр-Сұлтан қаласында, сондай-ақ жаяу бұрқасын, 15-20 м/с екпінде жел күтіледі.

Соңғы жаңалықтар