• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Наурыз, 2022

Азық-түлік қоры жүйелі түрде толықтырылуда

482 рет
көрсетілді

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда азық-түлік өндірісі тоқтатылмайтынын, қорлар жүйелі негізде толықтырылып отыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Азық-түлік өнімдерін өндіру тоқтатылмайды, қорлар жүйелі негізде толықтырылып отырады. ҚР АШМ дерегі бойынша жарма, ұн, консервілер және басқа да тауарлар өндірісі үшін жеткілікті шикізат, сондай-ақ ет және сүт өнімдерін өндіру үшін жеткілікті мал басы бар. Жедел деректер бойынша республика бойынша барлығы 1,5 млн тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры бар. Оның ішінде ұн – 145,1 мың тонна, қант – 47,6 мың тонна, күріш – 40,2 мың тонна, макарон – 21,3 мың тонна және 1 млн тонна көкөніс өнімдері және тағы басқалары», - деді министрліктен.

«Қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды! Қор толтырылып отырады. Сондай-ақ қазіргі уақытта Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бәсекелестікке қарсы келісілген әрекетпен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауар (ӘМАТ) бағасын көтеру фактісі бойынша, сондай-ақ Маңғыстау және Алматы облыстарында тыңайтқыш өндіруге қатысты анықтау жұмысы жалғасып жатыр», - деді ведомстводан.

Қантқа қатысты дүрбелең Ресейдің 2022 жылдың 31 тамызына дейін қант экспортына уақытша тыйым салуымен байланысты туындаған болатын.