• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 14 Наурыз, 2022

Ұлттық банк интервенциясы бір аптада 420 миллион доллардан асты

341 рет
көрсетілді

Ұлттық банктің валюта интервенциясы кейінгі аптада 420 миллион доллардан асты, деп хабарлайды Egemen.kz ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Әлемдің қаржы нарығындағы жағдай әлі де құбылмалы болып тұрғаны айтылды.

«Ішкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақсыздануына жол бермеу үшін 9 наурызда Қазақстан қор биржасында доллар-теңге жұбы бойынша сауда-саттық Франкфурт аукционына сай өткізілді. Оның қорытындысы бойынша Ұлттық банктің валюта интервенциясы 198,9 миллион АҚШ доллары немесе бір күнгі саудадағы жалпы көлемнің 94,4 пайызы болды», делінген хабарламада.

Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәліметінше, сыртқы өзгерістердің ел экономикасына әсерін болдырмау үшін және ішкі валюта нарығындағы балансты қолдау мақсатында Ұлттық банк валюта интервенциясын жүргізеді.

«Кейінгі аптада оның көлемі 421,9 миллион АҚШ доллары немесе биржалық сауданың жалпы көлемінің 59,2 пайызы болды. Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату 240,2 миллион АҚШ долларына тең болды. Ұлттық банктің валюта интервенциясы мен Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 92,9 пайызы болады», делінген хабарламада.

Қысқа мерзімді уақыт ішінде теңгенің құбылмалылығы санкцияға, ішкі қатысушылардың жоспарына және әлемдік нарықтардағы жағдайға байланысты болады.

«Бұл ретте Ұлттық банк экономикадағы құрылымдық өзгерістер мен айырбастау бағамының еркін қалыптасу қағидаттарына бейімділік талабы бойынша инфляция таргетінің толық режиміне ауысу бойынша жұмысты жалғастырады», делінген ҰБ баспасөз қызметінің хабарламасында.