Қаңтар айындағы оқиға кезінде ұрланған екі мыңнан астам қару әлі де қылмыскерлерде, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
«Ұрланған қарулардың ішінде автоматтар, мылтықтар, тапаншалар, гранатометтер, сондай-ақ гранаталар бар. Бейбіт тұрғындарға бұл қаруралдың қажеті жоқ екені түсінікті. Ол елдегі жағдайды тұрақсыздандыру үшін ұрланған. Айтылған барлық фактілер бойынша қылмыстық істер тергелуде», деді Бас прокурор.
Ол Алматы және Жамбыл облыстарының полиция департаменттерінің ғимараттарынан 800-ге жуық атыс қаруы ұрланғанын айтты. Олардың арасында:
- 262 автомат;- 501 тапанша;- 12 гранатомет;- пулемет;- 60 мыңнан астам оқ-дәрі.Аңшылық дүкендер мен құқық қорғау және арнайы органдардың қару-жарақ арсеналдарынан үш мыңға жуық қару ұрланған, олардың тек 771-і табылған.