• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Экономика 14 Наурыз, 2022

Қазақстан өз тауарларын Ресейге экспорттауға тыйым салуы мүмкін бе

394 рет
көрсетілді

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев Ресейге өнімдерді экспорттауға тыйым салу туралы шешім тек қиын жағдайларда қабылданатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Экспорттауға тыйым салу - бұл дұрыс механизм емес. Оны тек сыни жағдайларда қабылдау керек. Егер біз экспортты жабатын болсақ, онда біздің отандық өндіруші үшін жаңа өткізу нарықтарын табу өте қиын болады. Сондықтан біз бұл мәселеге өте мұқият қараймыз. Біз бұны міндетті түрде бизнес өкілдерімен талқылап, барлық есептеулерді жүргізуіміз керек. Егер бізде тиісті қорлар жеткілікті немесе жеткіліксіз болса, және біз белгілі бір тауарлар бойынша тәуекелдерді бағалап көруіміз қажет. Егер ел ішінде тапшылық туындаса ғана экспортқа тыйым салу туралы шешім қабылданады», деді Ержан Қазанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Соңғы жаңалықтар