• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Наурыз, 2022

Мәжіліс депутаты қамауда жатқан азаматтарға араша түспек

374 рет
көрсетілді

Өскеменде 100-ден астам азамат қамауда жатыр. Олар жаппай тәртіпсіздікке қатысқан деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Астана телеарнасының мәліметінше, ұсталғандардың кінәсі әлі күнге дәлелденбеген. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров мәлімдеді.

Оның айтуынша, жауаптылар күдіктілерге қатысты дәлелдерді іздестіру үстінде. Осыған байланысты депутат бас прокуратурадан арнайы комиссия құруды сұрап, қамауға алынған жастардың тағдырына бей-жай қарауға болмайтынын айтты. Сондықтан істі зерделеуге шақырды.