• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Наурыз, 2022

Отанымызды қасық қанымыз қалғанша қорғаймыз – Владимир Кличко

303 рет
көрсетілді

Аса ауыр салмақ дәрежесіндегі әлемнің бұрынғы чемпионы, кәсіпқой бокс әлемінің аңызы Владимир Кличко Ресейге қарсы майданда Украина халқы қасық қаны қалғанша Отанын қорғайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz fightnews.info-ға сілтеме жасап.

«Украина елінің бүкіл халқы Ресей көрсетіп жатқан қысымның бетін қайтарып, қанды майданды тоқтатуға ниеттеніп отыр. Ресей билігінің бұл әрекеті біздің ерлеріміз бен аруларымыздың сағын сындыра алмақ емес. Біз жұмылған жұдырықтай бірігіп, өз Отанымызды жаудан да, даудан да қорғауға әзірміз. Өйткені Украина – біздің үйіміз. Мұнда біздің балаларымыз мектепке барады, Украина жерінде бабаларымыз жерленген. Сондықтан да қасиетті топырақты ешқашан тастап кетпейміз. Қысқасы, туған жерімізді қасық қанымыз қалғанша қорғаймыз», деді спортшы CNN телеарнасына берген сұхбатында.