• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Наурыз, 2022

«Алтын» дисконттық картасын ұсынады

521 рет
көрсетілді

Ниеттестік бағдарламасының пилоттық жобасы шеңберінде 2022 жылғы 14 наурыздан бастап сатылымға «Алтын» дисконттық картасы шығарылады. Бұл Тальго жолаушылар пойыздары мен стандартты вагондарда 25% жеңілдікпен жүруге арналған.

Ол үшін жолаушыларға картаны «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан 19 999 теңгеге сатып алу және қызметті бір жыл бойы пайдалану қажет.

Билеттерді офлайн/онлайн сатып алу кезінде картаны пайдалануға болады. Ол дербес болып табылады және 15 жастан асқан жолаушыларға ресімделеді.

Жоба пилоттық болғандық­тан карталар саны шектеулі.

Барлық қосымша ақпаратты «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында дисконттық картаны ресімдеу және сатып алу кезінде нақтылауға болады.

Жол жүру құжаттарын (би­лет­терін) сату тек бір ғана же­­ңіл­­діктік тарифтік шарты бо­йынша жүзеге асырылады және басқа жеңілдікті тарифтік шарттармен жинақталмайды.

Жеңілдігі бар жолаушыларды теміржол билеттерін ресімдеу және сатып алу кезінде мұқият болуды және «жеңілдіктер» немесе «төмендетілген бағалар» санатын дұрыс таңдауды сұраймыз.