Еліміз егемендік алғалы бері мектеп оқушыларын электронды оқулықтармен түгелдей қамту мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Қазір 200 мыңнан аса оқушы жүйелі түрде электронды кітаптар арқылы білім алады. Бұл жөнінде Алматыда өткен TopIQ.kz тұғырнамасының тұсаукесерінде мәлім болды.
TopIQ.kz электронды кітаптарының digital ұстаздар мен оқушылар арасында танымалдылығы артып келеді. Мектеп оқушыларына қолайлы болуы үшін «Алматыкітап» баспасы елімізде алғаш рет үш баспаның 86 электронды кітабын бір платформаға жинақтады. Бұл жоба «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде баспа қаражаты есебінен атқарылды. Біз бұған дейін де TopIQ.kz тұғырнамасы ел өңірлерінде сынақтан өткізіліп жатқаны туралы баяндағанбыз. Соңғы екі жыл көлемінде, яғни 2020 – 2022 оқу жылдары республика аймақтарындағы апробация сәтті аяқталып, осы аралықта 2 млн-нан аса қолданушы тұғырнаманы қолданып көрді.
«Біздің тұғырнамамыз өзіне мемлекеттік білім бағдарламасы аясындағы бірегей интерактивті және мультимедиялы материалдарды кіріктіреді. Электронды кітаптар тек сынып қабырғасында ғана емес, оқушымен жеке немесе топпен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Электронды кітап экскурсияда, жолда, спорттық жиындарда қолдануға икемді, оқушыға ыңғайлы және жеңіл. Сонымен қатар, TopIQ.kz тұғырнамасын кез келген уақытта, кез келген құрылғыда, қолайлы жылдамдықпен қолдануға болады», дейді «Алматыкітап» баспасының басшысы Элеонора Баталова.
Кітаптың әртүрлі үлгілері мен материалдардың алуандығына орай, «Алматыкітап» баспасының электронды кітаптарын сараптау мақсатында тұғырнамада екі жылын өткерген ұстаздардың көпшілігі оқушылардың сабақ үлгерімдерінде ілгерілеу бар екенін, жаңа буын үшін бұл аса маңызды екенін айтып отыр.
Тұғырнаманың тұсаукесер рәсімін Digital Ustaz Almaty 2021 байқауының жеңімпазы, тарих пәнінің мұғалімі Сағынғали Қалиев атқарды.
Тұсаукесер кезінде оптикалық голография қолданған Сағынғали Қалиев: «Қазіргі ұстаздың міндеті – оқушылардың миды ашытатын, тым көп әрі түсініксіздеу, аса қажетсіз деректерді қабылдауға мәжбүрлеу емес, жаңа білімді талдау және таба білу. Бұл жаңа тәсіл цифрлы педагогикамен тығыз байланыста. Цифрлы педагогика дегеніміз – 40 минут бойы zoom арқылы сөйлеп тұрған мұғалім мен тапсырмаларды whatsApp арқылы жіберу емес. Цифрлы педагогика – бұл интерактивті оқыту, яғни оқушының сабақ бойы үнсіз отырып тыңдауы емес, керісінше ұстазбен, сыныптастармен, сандық кітаппен, сандық технологиялармен өзара байланыста болуы. Қазіргі таңда «Алматыкітап» баспасы мен оның Pearson Education, Cambridge, Oxford University Press әріптестері осы іспен айналысып отыр», деді.
«География» кітабының авторы, профессор Руслан Қаратабанов жүйелі білім мен сандық ортаның ықпалдасуын, оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістерінің симбиозын, балаларға арналған мүмкіндікпен бірге өзінің меншікті классикалық контентінің ретті әрі парасатты үйлесімін құруды қолдайтынын білдіре келе: «Сандық ортада білімдік тұғырнамаларды әзірлеу «ақылды» технологияларды жай ғана оқытудың және коммуникацияның құралына емес, әдеттегі әлеуметтік тәжірибеге айналдырған ұрпаққа бағытталуға тиіс. Жергілікті сандық ұрпаққа арналған шынайы, толықтырылған, виртуалды, тартымды білім ортасын құру маңыздырақ. Осы сауалдардың қазіргі ұтымды шешімі TopIQ білім тұғырнамасы болып отыр.
TopIQ электронды кітаптар тұғырнамасы балаларға не береді деген сауалға профессор Руслан Қаратабанов: «Біріншіден, оқуға инклюзивті келуі, яғни кітаптарға бәрі бірдей қол жеткізе алады, барлық коммуникациялық электронды құрылғыларға тікелей желі тегін. Тіркелудің, құпиясөзді есте сақтаудың, жүктеудің қажеті жоқ. Екіншіден, денсаулықты сақтау – мектептің интернет желісі мен орынды АКТ саясатында барлық кітаптарды көтеріп жүру қажет емес», деген пікірін ортаға салды.
Сонымен қатар профессор ұстаздарға тұғырнама аралас оқытудың (Blended Learning) талабына яғни оқытудың интерактивті әдістемесін әрі қарай қолдану үшін, материалдың бір бөлігін қандай да бір тақырыпқа дейін тікелей желімен оқытуда жауап беретінін ескертті. Әлбетте, тұғырнама оқушылардың ғана емес, ұстаздардың да АКТ-дағдыларын дамытуды қарастырған. Маңызды бөлігі – тұғырнама бір-біріне кері байланыс жасауға мүмкіндік береді. Ал жалпы қоғамға – ТЖ, пандемия жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады.
«Негізінде, көп ел осындай платформалардың өздерінде болуына мүдделілік танытып, барын салып отыр. Ал бізде бұл тұғырнама барынша жақсы жасалды. Көпшілік сандық технологияларды келешек уақытпен айтқанды ұнатады. Алайда ол болашақ туралы емес. Ол – бүгін жайлы! Қазақстанның барлық мектептерінің сандық ұстаздары, бірігіңдер!» дейді профессор.
Қорыта айтқанда, цифрлы педагогикамен сабақтарын өткізетін Digital Ustaz Almaty 2021 финалистері Алматыда тоғысып, технологияларды жақындатып, шәкірттерін оқуға ынталандыруға септесетін Teachers Lab тұғырнамасымен толық танысты. Заманауи ұстаздар оқыту балаларға қызықты әрі пайдалы болуы үшін әрі қарай осындай жаңа сервистерді меңгереді. «Технологияларды жақындатып, оқушыларға ынта беру!» ұраны алдағы уақытта Алматының әрбір мектебінде айтылады. Алматы қаласының әкімдігі мен EdCrunch Academy заманауи білім беруді дамыту институты ұйымдастырған Digital Ustaz Almaty 2022 байқауы жақын күндерде басталады.
АЛМАТЫ