• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Наурыз, 2022

Қаламгер көмекке мұқтаж

231 рет
көрсетілді

Қазақстандық зейнеткер ақын-жазушыға зейнетақысынан тыс, ай сайын беріліп тұратын қосымша көмек ақша керек. Өйткені зейнет жасынан асқан қаламгерлердің материалдық жағдайы, былайша айтқанда, жан бағысы өте нашар. Алатын айлық зейнетақысы тіршілік тауқыметін көтере алмайды.

Соңғы ширек ғасырдан астам уақыт бедерінде қаламгерлердің жағдайы күрт нашарлай бастады. Кітаптар шықпады, шықса да аз мөлшерде шықты. Қаламақы төленбеді. Оның есесіне автордың өзіне сатып алуға кітап берілді. Қаламгер шыққан кітабын алып, ел аралады. Осы жағдай күні бүгінге дейін жалғасып келеді...

Мерзімді баспасөз беттерінде ақын-жазушылардың түрлі жаз­ғандары: әдеби дүниелері, мақалалары, ғылыми зерттеулері, тарихи еңбектері жарық көріп жатты. Бірақ сол шыққан материалдарға да қаламақы берілмеді. Авторлар ақшасыз қалды. Осының салдарынан қаламы қарымды авторлар жазуын тоқтатты. Есесіне коммерциялық әдебиет белең алды. Әдебиетті көркемдік емес, ақша биледі. Кімнің қалтасында ақшасы бар, соның кітабы шықты. Ал жазушылардың көбінің кезіндегі айлық ақысы тым аз болғандықтан, олардың зейнетақы қорларына да ақша аз аударылды. Міне, осы себепті алатын зейнетақысы да мүлдем мардымсыз болып отыр. Санаторий мен курортқа бару, шетел асу деген жайына қалды.

Бұған қоса, зейнет жасынан асқан қаламгерлердің денсаулығы да сын көтермейді. Көпшілігі емхананың есебінде тұрады. Адамға ас қаншалықты қажет болса, аурушаң адамға дәрі-дәрмек те соншалықты керек. Оны алуға көп жағдайда мүмкіндігі жете бермейді. Жалпы саны жағынан олар тым көп те емес. Соларға көмек көрсетуге мемле­кетіміздің күш-қуаты толығымен жетеді. Тек көңіл бөлу керек. Зейнет жасын­дағылар, ашығын айтқанда, жар басына жақындап қалғандар...

 

Ақын-жазушылар атынан тілек білдіруші –

Дәнеш АХМЕТҰЛЫ,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі