• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Наурыз, 2022

Жаңа терминалдарда тіркеу аймақтары кеңейтіледі

147 рет
көрсетілді

Қызмет көрсету сапасын арттыру үшін жолаушыларға арналған терминалдарды реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл жолаушылар үшін Қостанай, Орал және Үржар қалаларындағы әуежайларда жаңа терминалдар қолжетімді болады.

Осы және басқа да мәсе­ле­лер Индустрия және инфра­құ­ры­лым­дық даму министрі Қайыр­бек Өскенбаевтың тапсыр­масы бо­­йын­ша өткен ке­ңес­те талқыланды. Кездесуге Аза­­маттық авиация ко­ми­тетінің қыз­меткерлері, Қазақ­стан­ның авиа­­циялық әкімшілігі және қа­зақстандық авиакомпаниялар мен әуежайлардың өкілдері қатысты.

Сонымен бірге әуежайлардағы сервисті жақсартуға бағытталған жобалар қаралды. Осылайша, жо­лаушыларға арналған жаңа тер­миналдарда тіркеу аймақтары кеңейтіліп, жолаушыларды тір­кеу және багажды өңдеу бо­йын­­ша жаңа технологиялық ше­­­шімдер жүзеге асырылады деп жос­­парланып отыр. Бүгінгі таң­да Алматы және Шымкент қала­ларының әуежайларында жаңа терминалдың құрылысы бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қыз­мет көрсету мәселелеріне ерекше на­зар аударылды. Мүм­­кіндігі шектеулі жолау­шы­лардың ке­дергісіз жү­ріп-тұруы үшін әуе­жайлар мен авиаком­пания­ларға арнайы крес­лолардың, автокөлік пен тасымалдау тетік­терінің болуы сияқ­ты қажет­ті қызметтерді сапалы әрі уақ­тылы көрсету тапсырылды.

Биыл авиакомпанияларға әуе тасымалы бойынша шектеу қойылған адамдардың жеке тізі­лімін жүргізуге мүмкіндік бе­ретін норма қолданысқа ен­гі­зіліп жатыр. Тізімге бортта, әуе кемесінің ұшып көтерілуі мен қонуы кезінде құқық бұзушылық жасаған азаматтар олардың кінәсі дәлелденген жағдайда енгізіледі.

Айта кетерлігі, 2021 жылы іс­ке асырылған маңызды жоба­лардың бірі «Цифрлық құжат­тар» бағдарламасы болып табылады. Жоба жолаушыларға электронды жеке куәлікті пай­­­далануға мүмкін­дік берді. «Нұрсұлтан Назарбаев халық­аралық әуежайы» АҚ бала­лар аутизмі, Аспергер синдромы және атипті аутизм ауруы­мен ауы­ратын адамдар үшін әлеу­мет­тік маңызы бар жобаны сәтті жүзе­ге асырып келеді. Олар үшін сәйкес­тендіру таспасы жасалып, нәти­жесінде тіркеу, тексеру және басқа да қызмет түрлерін көрсетуге мүм­кіндік берілді.