Таеквондодан Иранның бас шаһары – Тегеранда өткен халықаралық турнирлер сериясы өз мәресіне жетті.
Соңғы жарыста даян шеберлері Азия федерациясы президентінің кубогын сарапқа салды. Бұл бәсекеде 68 кило салмақ дәрежесінде бақ сынаған Ерасыл Арапбай үшінші орынға табан тіреді. Соның алдында ғана аталған турнирде Жансель Дениз алтын алса, Смайыл Дүйсебай қола медальды мойнына ілді. Осылайша, Қазақстанның ұлттық құрамасы Азияның клубтық чемпионаты, дәстүрлі Fajr Open додасы және Азия федерациясы президентінің кубогын 15 медальмен қорытындылады. Сол жүлделердің 2 алтын, 3 күміс және 10-ы қола медаль.
Алда таеквондошыларымызды бірқатар байрақты бәсеке күтіп тұр. Солардың арасындағы ең ірілері – әлем мен құрлық чемпионаттары және жазғы Азия ойындары.