Түркістан облысындағы Мақтаарал және Жетісай аудандарында су тасқыны болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Хабар 24» арнасы мәлім еткендей, жергілікті жерлерде жүзден астам құтқарушы жұмыс істеуде.
«Мотопомпалардың көмегімен ондаған ауладан 2,5 мың текше метр су сорылды», делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаменті жанынан жедел штаб құрылды.
Өңірдің оңтүстік аудандарындағы жер асты суларының деңгейі үздіксіз жаңбырдың салдарынан көтерілгені айтылуда.