Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында автокөліктердің барлық түрлері үшін жол қозғалысы уақытша шектетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақавтожол» ЖШС баспасөз қызметі хабарлағандай, шектеулер Қазақстанның батысындағы автожолдарға қатысты.
«16 наурызда елорда уақыты бойынша сағат 01:05-те Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жел, бұрқасын, көрінуді шектеу) Самара – Шымкент автожолында Жымпиты ауылы – Ақтөбе облысының шекарасы учаскесінің 394-526 км-де автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді», делінген «Қазақавтожол» хабарламасында.
Ақтөбе облысында да БҚО шекарасы мен Маржанбұлақ ауылына дейінгі автожол учаскесінің 526-703 шақырымында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген.