• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 16 Наурыз, 2022

Маған елімнің тұтастығынан асқан құндылық жоқ – Президент

350 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бізге ешкім сырттан келіп, ештеңе жасап бермейтіні анық, бәрі өз қолымызда. Сондықтан, баршаңызды Жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырамын. Халықтың қолдауымен мақсатымызға жетеміз деп сенемін. Біз өзіміздің басты игілігіміз – Тәуелсіздігімізді сақтауға, ұлттық бірегейлік негіздерін бекемдеуге, елімізді трансформациялауға жұмылуға тиіспіз. Бұл біздің болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымыз. Маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ. Мені ең алдымен, халқымның болашағы қалай болатыны толғандырады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңында.