• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Коронавирус 16 Наурыз, 2022

Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

213 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжатқа сәйкес, қала тұрғындары мен қонақтары медициналық маска киіп жүрудің белгілі бір талаптарын қатаң сақтауы тиіс.

Медициналық немесе мата маскаларын келесі жағдайларда кию мәндеттеледі:

5 жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ, қоғамдық көлікте; Сovid-19-ға ұқсас белгілері бар адамдарға көмек көрсету кезінде (дене қызуының көтерілуі, жөтел, түшкіру).

Сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарында Ashyq қосымшасын қолдану жалғаса береді.

Бұдан басқа, халық арасында вакцинация және ревакцинация жүргізу бойынша бақылау күшейтілді.

Қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.