• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Наурыз, 2022

108 елді мекенді су басу қаупі бар

1013 рет
көрсетілді

Шығыста болуы ықтимал тасқынға дайындық тыңғы­лық­ты. Өзен суларының көтеріліп кетуінің алдын алу үшін наурыз айының басынан бас­тап Бұқтырма, Ертіс, Күршім, Үбі өзендерінде мұз жару профилактикалық жұ­мыс­тары басталды.

Облыстық ТЖД, Төтен­ше жағ­дай­дың алдын алу бас­қар­ма­сының басты­ғы­ Алексей Штыкел, «Қаз­гид­ро­мет» РМК фи­лиалының директоры Адель Ахме­тов­тің қатысуымен өткен ­бас­пасөз кон­ференция­сын­да су тасқыны қаупі бар ке­зеңге дайындықтың қалай жү­ріп жат­қандығы туралы айтылды.

– Су тасқынының біздің облыста орын алуы – жылдағы құ­былыс. Таулы, нулы, сулы өңір болғандықтан, бұл қалып­ты жағдай. Тек біз оған дайын болуымыз керек. Нақтырақ айтсақ, облыс аумағынан 800-ге жуық өзен ағып өтеді. Олар­дың жалпы ұзындығы 10 мың шақырымнан асады. Көп жыл­дық синоптикалық болжам бойынша, облыс өзендеріндегі су тасқыны наурыздың екін­ші онкүндігінде бас­талып, мау­сым­ның екінші онкүн­ді­гі­нің ортасына дейін созылады, – дейді облыстық ТЖД алдын алу бас­қар­ма­сының бастығы Алексей Штыкел.

Бүгінде облыс аумағында жауапты мамандар дайындық кес­тесі бойынша жұмыс істеп жатыр. Әкімдіктерде тәулік бойы кезекшілік ұйым­дас­ты­рылды, су тасқыны қаупі бар жерлерге мониторинг жүр­гізілді. Іс-қимылдардың бар­лы­ғы дерлік егжей-тегжейлі жоспарланып, су тасқынына қарсы іс-шаралар облыста жү­йелі түрде жүргізіліп жатыр. Ақпан айының бірінші жұлдызынан бастап өңірде су тасқыны болу қаупі бар аймақтарда жоғары санаттағы арнайы мамандар кезекшілік жүргізіп, сараптама жасады. Облыс әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы бө­лі­мінің басшысы Еркен Сәр­сем­биновтің айтуынша, кезек күттірмейтін шығындар мен төтенше жағдайларды жою үшін бюджеттен барлығы 2,6 млрд теңге қаражат қарас­ты­рыл­ған. Оның 1,2 млрд теңгесі облыстық резервте.

Тұрғылықты аймақтардан жалпы көлемі 304 мың текше метр қар шығарылды, автомобиль және те­мір­жол­­дар­дағы су өткізу құры­лыс­тары, кө­пірлер, арықтар мен каналдар тазартылды. 104 мың дана қап, 6,7 мың тонна инертті материалдар, 690 тонна жанар-жағармай дайындалды.

Айта кетсек, облыс бойын­ша 108 елді мекенді су басу қаупі бар. Су тасқынын болдырмау үшін 3 наурыздан бас­тап облыстың Бұқтырма, Ертіс, Күршім, Үбі өзендері кесіп өтетін 7 ауданда мұз жару профилактикалық жарылыс жұмыстары басталды. Су басуын болдырмау үшін жағалауды бекіту және түбін тереңдету, бөгеттерді жөн­деу, ар­наны реттеу сынды жұмыс­тар қолға алынып, алдын алу шаралары жүр­гізіліп-ақ жатыр.

Ал 3-5 наурыз аралығында Бороду­лиха, Шемонаиха аудан­­­дарында және Семей қала­­­сында жалпы ауданы 29 896 шар­шы метрді құрайтын өзен мұзын жару жұмыстары жүр­­гізілді.

– 10 наурыздағы жағдаймен алып қарасақ, Шығыс Қа­зақ­стан облысының өзенде­рін­дегі гидрологиялық жағдай тұрақты. Қысқы су деңгейінің төмендігі байқалады. Шағын өзендердің кей­бірінде мұз еріп жатыр, – дейді «Қаз­гид­ро­мет» РМК филиалының директоры Адель Ахметов.

Егер табиғаттың тосын мінезі бай­қа­лып, жағдай күрт өзгерсе, облыс және аудан әкім­діктерін, облыстық ТЖД және мүдделі органдар де­реу хабардар етілмек. Жалпы, Шығыс Қазақстанда 2021-2023 жылдарға ар­налған су тас­қы­ны­на қарсы іс-шара­лардың жол картасы шеңберінде 162 млн теңгеге 11 іс-шара жүзеге асы­рылған.

 

Шығыс Қазақстан облысы