Алматыда бір тәулікте 33 адам коронавирус жұқтырды. Оның 26-да симптом бар, 7-де ауру белгілері жоқ. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 адам жазылып шықса, 12 адам ауруханаға жаңадан түсті. 400 төсек-орындық инфекциялық стационарларда 96 адам жатыр, оның ішінде 8 бала бар. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 11 адам жатыр.
4 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында біреу, High flow-да төрт аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 174 науқас бар. Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда – 158 науқас, симптомсыз 16 науқас бар.