• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Наурыз, 2022

Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне қанша жәрдемақы беріледі?

1081 рет
көрсетілді

БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, Жеңіс күніне орай бір реттік жәрдемақы төрт мың адамға төленетін болады. Төлемдердің жалпы сомасы 138 миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz «Мой город» сайтына сілтеме жасап.

«ҰОС 21 ардагері мен мүмкіндігі шектеулі жандар бір миллион теңгеден алады, Қоршаудағы Ленинград тұрғындары санатынан үш адам 120 мың теңгеден алады, фашистік концлагерьлердің жеті тұтқыны 120 мың теңгеден алады. Кеңес Армиясы ерікті құрамының үш адамына 120 мың теңгеден жәрдемақы төленеді. Қайтыс болған мүгедектердің және ҰОС қатысушыларының және оларға теңестірілген тұлғалардың қайта некеге отырмаған жұбайлары 283 адам, оларға 30 мың теңге мөлшерінде біржолғы жәрдемақы берілуі тиіс», деп хабарлады ведомствода.

Сонымен қатар, облыста 3 560 тыл еңбеккері тұрады, оларға 30 мың теңге көлемінде біржолғы жәрдемақы төленеді. Төлемдер сәуір айының екінші онкүндігінде азаматтардың қолданыстағы шоттарына түсе бастайды.