Елордада 18-22 наурыз аралығында үлкен ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде Шығыс Қазақстан, Ақмола және басқа да жақын маңдағы облыстардың кәсіпкерлері мен фермерлері өз өнімдерін ұсынады.
Әкімдікте атап өткендей, елордада жыл бойғы алғашқы жәрмеңке күн сайын өтеді. Мұнда азық-түлік тауарларының барлық түрлері ет, көкөністер, жарма, сүт өнімдері, кондитерлік өнімдері сатылады.
Бағалар нарықтық бағадан 15-20% ға төмен. Жәрмеңкеде өз тауарларын өткізгісі келетін кәсіпкерлерге орындар тегін беріледі.