• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Наурыз, 2022

ШҚО тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

298 рет
көрсетілді

ШҚО-да 47 жастағы ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері аймақтық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, Өскемен қаласындағы гараждардың бірінде қоймаға жасырылған қару-жарақ арсеналын тапты. Тінту кезінде 7,62 мм калибрлі ТТ жауынгерлік тапанша табылды. Дәл сол тапаншада қосымша 9 мм-ден атуға арналған қолдан жасалған ауыстырылатын ұңғы болды. ИЖ-18 кесілген шолақ мылтық, әртүрлі оның ішінде тиісінше 5.45, 7.62 және 9 мм калибрлі 450-ден астам мөлшерде оқ-дәрілер тәркіленді.

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген барлық қарулардың жағдайы жақсы және атуға толық жарамды.

ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов атап өткендей, осы факті бойынша 47 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейтін сотқа дейінгі тергеу басталды.