Президент партияларды пәрменді және ықпалды институт ретінде қалыптастыруды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін еліміздің қоғам өкілдерімен кездескен Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Партиялық жүйеге қатысты да заңнамалық өзгерістер қабылданады. Осы орайда Президентіміз партияларды пәрменді және ықпалды институт ретінде қалыптастыруды көздеп отыр. Саяси партияларды тіркеу рәсімі едәуір жеңілдейді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өзінің өкілеттілігін атқару кезеңінде ешқандай партияға мүше болмау керектігі айтылды», деді Сенат Төрағасы.
Мәулен Әшімбаев мұның барлығы түптеп келгенде шынайы саяси бәсекеге жол ашатындығына баса назар аудартты.
«Ал кез келген саладағы бәсеке дамудың басты шарты және оның мультипликативті әсері зор болатыны сөзсіз», деді Сенат спикері.