• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Пікір 18 Наурыз, 2022

Еуропа қолдауға дайын

177 рет
көрсетілді

Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауынан кеңейтілген саяси бағдарламаны естідік. Қаңтар оқиғаларына қатысты тергеу әлі жүріп жатқаны түсінікті. Қазақстанның серіктестері, ең бірінші Қазақстан халқы тергеудің нәтижесін күтіп отыр.

Тек саяси реформа ғана емес, Президент Тоқаевтың жыл басында айтқан әлеуметтік-экономикалық реформаларды толықтырғанын көрдік. Бұл – өте құптарлық қадам. Себебі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер саяси реформамен қатар жүреді.

Біз саяси жүйені демократия­лан­дыру, мемлекеттік билікті орта­лық­сыздандыру бағытында нақты қа­дамдар жасалынатынына анық көз жеткіздік. Сондай-ақ БАҚ-тағы сөз бостандығы мен сая­си партия­ларды тіркеуді оңайлату жағы сөз болды. Заманауи қоғам қалыптас­тыру ешқашан кеш емес. Және бұл жұмысты қоғамның өзін араластырмай жүзеге асыру мүмкін емес екенін түсінеміз. Біз Еуропалық Одақ, Қазақстанның серіктесі ретінде қолдауға дайынбыз. 

Мұндай өзекті мәселелердің көтерілгені өте дұрыс, тиімді жүзеге асырылуы одан да маңызды екенін айта кеткен жөн. Ұсынылған реформа көлемі кең екені белгілі. Десе де, осы бастамалар уақыт өте келе орындалуы керек. ЕО Қазақстанмен кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісіміне сай жұмыс істеуге дайын.

 

Кестутис ЯНКАУСКАС,

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі