• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Пікір 18 Наурыз, 2022

Демократиялық реформалар жалғасады

476 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы көпшіліктің көңілінде жүрген көптеген мәселелерге жауап берді. Ең бастысы, іштегі және сырттағы түрлі тәуекелдерге бой ұсынбай, демократиялық реформалар жалғасын табады.

Ұлттық құрылтайдың құры­ла­тыны, жергілікті өзін өзі басқа­руды күшейту мен әкімдерді таңдау, жаңа партияларға жол ашу, адам құқықтарының қорғалуын жетіл­діру секілді нақты қадамдар іске аспақ. Қасым-Жомарт Кемел­ұлы суперпрезиденттік жүйенің ескіргенін алға тарта отырып өзінің партияға мүше болмайтынын мәлім­деді және құзыреттерінің бірта­лайын Парламентке беріп, оның әлеуетін күшейтпек. Соны­мен қатар Президенттің туыс­тары­на мемлекеттік билікте немесе ұлт­тық компанияларда, квазимем­лекеттік секторда қызмет істеуге тыйым салатын жаңа заң қабыл­данатыны да құптарлық іс. Бұдан былай Президент туыстарының мем­лекеттік қызмет пен ұлттық ком­панияларда жұмыс істеуіне ты­йым салынады.

Барша Алаш баласын ерекше қуантқан жаңалық – кезінде қысқарып қалған Жезқазған, Семей өңірлеріне облыс мәртебесін беріп, оларды жаңғырту, сондай-ақ Алматы облысының әкімшілік басқару жүйесін жетілдіру үшін екіге бөлу. Оларға берілетін атау­лардан қазақы иіс аңқып тұр – тиісінше Ұлытау, Абай, Жетісу. Әрине, Президент бүгін жаса­ған ұсыныстар мен міндеттер әлде­қайда кең ауқымда түсінуді талап етеді. Алайда қазірдің өзінде әді­летті қоғам мен ел игілігін басым­дық ретінде алған Жаңа Қазақ­стан тұжырымдамасы іске асып жатқаны күмән тудырмас. Пре­зидент осы жолғы Жолдауында бұрын­нан халықтың көкейінде жүрген мәселелерге назар аударып, олқы­лықтардың алдын алуға тырысқан. Жолдауда ең алдымен бұрыннан ойда жүрген мәселелердің шешілетіні қуантты.

 

Расул ЖҰМАЛЫ,

саясаттанушы