• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Пікір 18 Наурыз, 2022

БАҚ өкілдерінің де жүгі ауыр

329 рет
көрсетілді

Көптен күткен Жолдауды көңіл­дерден шықты деуге болады. Әсіресе үш облыстың құрылатыны жайлы айтылған жақсы хабарды қалың ел де қуана қабылдады.

Жолдауда айтылған тағы бір ұтымды ұсыныс – бұқаралық ақпарат құралдарының мәртебесін көтеру туралы айтқаны. «Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек», деген Президент отандық БАҚ өкілдерін қоғамның сұранысына сай жұмыс істеуге шақырды. Елдегі әрбір жағдайды жүйелеп, шынайы ақпарат берудің маңызы зор. Осы орайда журналистердің жұмысын жандандыру керек. Олар көтерген мәселе оңтайлы шешіліп жатса, қоғамның дамуына да өзіндік серпін береді. Бұл сайып келгенде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың бірден-бір жолы болып табылады.

 

Мархабат БАЙҒҰТ,

жазушы