16 наурызда Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан екі адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 17 адам жазылып шықты.
2020 жылдың 13 наурызынан бері коронаврус пневмониясын 88519 адам жұқтырып, 5348 адам аталмыш дерттен қайтыс болған. Ал жазылып шыққандардың саны 82103-ке жетті.