• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Пікір 18 Наурыз, 2022

Халықты жігерлендіретін Жолдау

866 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында тәуелсіздігіміздің ұлы болашағының, Жаңа Қазақстанның жарқын бейнесін айқындайтын келелі мәселелерді ел назарына ұсынды.

Мұны өткеніміздің сабағын саралаған, дамудың жаңа белесіне өтудің жолын көрсеткен тарихи Жолдау деуіміз қажет. Президент ел дамуының халық көңілінен шығатын бағыт-бағдарын қадау-қадау шараларды атап, оны саяси тұрғыдан сенімді түрде нақтылап берді. Қоғамды басқарудың демо­кратиялық жаңашыл үрдісіне батыл қадам басуды жедел жүзеге асыру­дың маңыздылығына ден қойды. Жоғары өкілдік билікке, сайлау жүйе­сіне халық сенімінен шығып, беде­лін арттыратын міндеттерді жүк­теді. Ел Президентінің жоға­ры билікті саяси жағынан рефор­ма­лау­дың қажеттігі пісіп жетілген­дігі жөніндегі пайымы халық қолдауын табатыны сөзсіз. Авторитарлық жүйенің қоғамды рухани, әлеумет­тік және экономикалық жағынан тоқыратқан келеңсіздіктерінің салдарынан түбегейлі арылмайынша, Қазақ елінің сындарлы болашағы болмайтынын Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында бұлтарыссыз айтты. Бұл – халық санасын оятатын, жігерлендіретін сөз.

Елдің жан-жақты дамуының негізі тұтқасы биліктің қана емес, әркімнің өз ісіндегі, ар-ұжданы алдындағы биік жауапкершілігінде деген ой осы Жолдаудың өзегін­де ұтымды өрілді. Мемлекетті бас­­қаруда қазақ қоғамының алатын рөлі айрықша айтылды. Бұған Пре­зи­денттің қоғамдық ой-сананың әлеуетін Ұлттық құрылтай құру мәсе­лесін алға тартуы дәлел.

Қазақ елінің әкімшілік-аумақтық құры­лымын жетілдіруге қатысты Жол­дауда айтылған Мемлекет бас­шысының ұсыныстары бүгінгі күннің талабына сай әділеттіліктің салтанат құрғаны деуіміз керек! Атап айтқанда, Алаш рухын алғаш жария еткен, халықтың әдебиеті мен мәдениетінің қасиетті бас ордасы Семей жерін Абай облысы, ел тарихының алтын бесігі, бұрынғы Жезқазған өңірін Ұлытау облысы, байтақ қойнауын айтулы жеті өзен өрнектеген өңірден Жетісу облысының бой көтеретіні – тарихи жаңалық екені даусыз! Халықтан ұсыныс болса, Алматы облысының орталығы болатын Қапшағай қала­сының Қонаев атымен аталуы да әбден мүмкін екендігін де Қасым-Жомарт Кемелұлы бүкпесіз айтты. Еліміз­дің аса күрделі кезеңде, геосая­си қиындықтар анталаған мезгілде даму тұрақтылығын, бірлікті сақтау жолындағы тегеурінді ұстанымы да Жолдау мазмұнында айтылған ақиқат. Президент Тәуелсіздік маған бәрінен де қымбат деген сөзін бүгін де қайталап айтты! Тәуелсіздікті бекемдей түсу жолындағы жаңа бағытымыздан адаспайық, ел тірегі халқымыздың болашағы іргелі іс­тері­мізден, ізгілікті ойларымыздан көрініс тапсын дегім келеді.

 

Мәди АЙЫМБЕТОВ,

жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты