• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Үкімет 18 Наурыз, 2022

Әлихан Смайылов жаңа облыстарға қатысты тапсырма берді

1284 рет
көрсетілді

Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарын құру аталған өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жолдаудың негізгі басымдықтарының бірі – өңірлердің дамуына жаңа серпін беру. Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының құрылуы аталған өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңа деңгейге көтеруге және жергілікті халықтың проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік береді», деді  Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Бұл ретте Үкімет алдында Мемлекет басшысының тапсырмасын нәтижелі жүзеге асыру міндеті тұрғанын да айтты.

«Ол үшін өңірлерді қаржыландыру тәртібін түбегейлі қайта қарап, бюджетаралық қатынастардың оңтайлы моделін әзірлеу қажет», деп атап өтті Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің айтуынша, өңірлер үшін мемлекеттік сатып алу тәртібін жеңілдету мәселелерін пысықтау қажет.

«Жаңа облыстарды қалыптастыру бойынша жедел жұмысты ұйымдастыру үшін Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір апта мерзімде тиісті жол картасының жобасын енгізуді тапсырамын», деді Ә.Смайылов.