• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Наурыз, 2022

Үлкен Алматы көліне апаратын жолға күрделі жөндеу жүргізеді

155 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-да құрылыс маусымына ауқымды дайындық жұмыстары басталды. Мәселен, республикалық маңызы бар Алматы – Космостанция трассасының 8-34 шақырымы аралығы учаскесі («Алма-Арасан» шипажайына кіреберіс) күрделі жөндеуден өтеді. Кеше қоғамдық тыңдау  өтті. Белсенділер дауыс беріп, Үлкен Алматы көліне апарар жолды күрделі жөндеуге қарсы емес екендіктерін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде жобалау-сметалық құжаттама дайын, экологиялық сараптама сатысында тұр. Сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін конкурс жарияланып, заңнамаға сәйкес мердігер анықталады. Содан кейін учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі. Айта кету керек, жол екі жолақты болып қала бермек. Сонымен қатар, жобада 1-ге 10 өтемдік ағаш отырғызу қарастырылған.

Күрделі жөндеу жұмыстары аясында аумақта бақылау алаңдары, автокөліктерге арналған тұрақтар және тас құламасынан қорғайтын торлар салынбақ.

Жол инфрақұрылымын қайта құру жұмыстары туризмді одан әрі дамытуға оң әсер етеді және қонақтар мен жергілікті тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасайды. Ал төтенше жағдайлар кезінде арнайы техника жергілікті жерге одан да жылдам жетеді.

Бұл жобаны 24 айда жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы - Космостанция республикалық маңызы бар жол III санатқа жатады, жабыны - асфальт-бетон. Оның ұзындығы 26 шақырым.