• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 19 Наурыз, 2022

Қамшыбек Қоңқабаев жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді

261 рет
көрсетілді

Аса ауыр салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Қамшыбек Қоңқабаев кезекті жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Елге аман-есен жетіп, жекпе-жек алдындағы ақырғы жаттығуларды жасап жатырмын. Бұйыртса санаулы күндерден кейін шаршы алаңға көтерілетін боламын», деп жазды спортшы инстаграмдағы парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, қазақ оғланы 25 наурыз күні Оңтүстік Африка елінің боксшысы Джонни Мюллерге қарсы шаршы алаңға көтеріледі. Аталмыш шайқаста Қамшыбек Қоңқабаев өзіне тиесілі WBA Gold белдігін қорғайды.