ШҚО-да кәмелет жасына толмаған үш жасөспірімді қаққан жүргізуші құрықталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға 19 наурыз күн түс әлетінде болған. «Nissan Skyline» автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі кәмелетке толмаған үш баланы (2007, 2013, 2018 жылы туған) қағып кеткен. Оқыс оқиға салдарынан жаяу жүргіншілер жарақат алып, Шемонайхадағы аудандық ауруханаға түскен. Құқық қорғау қызметкерлері ұстаған жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде.