Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Петропавл тұрғындарын жылу-электр орталығының бір мұржасы жартылай құлауы фактісі бойынша тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Прокуратура ақпаратына қарағанда, бір жұмысшы – машинист-қараушыны іздестіру іс-шаралары жалғасып жатыр. Ол үйінді астында қалып қоюы мүмкін.
«Қолданыстағы қазандық агрегаторлар істен шықпаған. Сонымен қатар, тұрғындарға жылу энергиясын үздіксіз беру үшін резерв қазандықтар іске қосылды. Сондықтан жылу энергиясы штаттық режимде беріліп жатыр. Шындыққа жанаспайтын ақпараттардың тарауы жиілеп кетуіне байланысты тек ресми мәліметтерге ғана сенуге шақырамыз», делінген прокуратура хабарламасында.
Еске сала кетейік, Петропавлда жылу электр орталығының бір мұржасы құлады.