• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Наурыз, 2022

Өткен тәулікте қар құрсауынан 91 адам құтқарылды

130 рет
көрсетілді

Өткен тәулікте елімізде қар құрсауынан 91 адам, оның ішінде 14 бала  құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, 22 наурызда сағат 01:23-те Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданында айналма жолда ТЖД құтқарушылары қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктен 7 адамды, оның ішінде 2 баланы Нұр-Сұлтан қаласына жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді. Авариялық-құтқару жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД 2 құтқарушысы мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

22 наурызда Арқалық қаласында, Амангелді және Әулиекөл  аудандарында ТЖД күштері автожолдарда қар құрсауында қалған автомобильдерден 32 адамды, оның ішінде 5 баланы жақын маңдағы елді мекендерге жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді. Авариялық-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД 7 құтқарушысы мен 2 бірлік техникасы жұмылдырылды.

22 наурызда сағат 14.30 – да Қарқаралы ауданында Қарағанды – Аягөз-Бұғаз автожолының 207 шақырымында, Қарқаралы қаласынан 7 шақырым жерде Қарағанды облысының ТЖД құтқарушылары қар құрсауында қалып қойған Тоyоtа Carina автокөлігінен 4 адамды құтқарып, Қарқаралы қаласына жеткізді.  Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді.

22 наурызда түнгі  22:10-да Ақтоғай ауданында Ақой-Ақтоғай-Балқаш автожолының 160 шақырымында, Қарағанды облысы ТЖД күшімен және «Берер» ЖШС қызметкерлерімен қардан тазаланған учаскеге 16 жеңіл автокөлік шығарылды. Салонда 48 адам, оның ішінде 7 бала болды. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді.

Бұдан басқа, 23 наурызда сағат 13:30-да Амангелді ауданында Амантоғай ауылынан 15 шақырым жерде облыстық маңызы бар автожолда Қостанай облысы ТЖД мен жергілікті атқарушы органның күштерімен автожолдың тазартылған учаскесіне 4 жеңіл көлік сүйреп шығарылды. Автокөліктерде 19 адам, оның ішінде 2 бала болған. Медициналық көмекті қажет етпеді. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖД 2 қызметкері мен 1 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органның 1 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта ауа райына байланысты (боран, нашар көріну, көктайғақ) еліміздің аумағында автожолдардың 46 учаскесінде, оның ішінде 26 республикалық  (Нұр-Сұлтан қ. – 6, Ақмола – 12, Қарағанды – 3, Қостанай – 1 және Павлодар - 4) және 20 облыстық маңызы бар (Ақмола – 14 және Қостанай  - 6) автожолдар жабық.

Жолдардағы ТЖ-ны жою жөніндегі республикалық жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Осындай штабтар өңірлерде де қызмет атқаруда. Облыстық жедел штабтардың ақпараты бойынша блок-бекеттерде 915 бірлік техника тұр. Оның ішінде 780 бірлік жеңіл және 133 бірлік жүк автокөліктер бар.

ТЖМ азаматтарға елді мекеннен шыққан кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді. Алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамымен танысып, автокөліктің техникалық жай-күйінің дұрыстығына көз жеткізген абзал. Өзіңізбен бірге қысылтаяң жағдайларда көмектесетін барлық қажетті заттарды алып жүріңіз.

«Дәрмен» мобильді қосымшасы жолдардың жабылуы және дауылды  ескерту туралы хабардар болуға мүмкіндік береді. Құтқару қызметінің бірыңғай телефоны 112.