ҚР Сауда және интеграция министрлігі елімізде экспорттаушылардың шығынын өтеуге өтінімдер қабылдана бастағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің отандық өңделген тауарлар мен ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі операторы 24 наурыз сағат 9:00-ден 24 сәуір сағат 17:00-ге дейін шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды», делінген ведомство ақпаратында,
Министрлік ұсынған мәліметтерге сенсек, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындардың бір бөлігін өтеу (шарттары мен тетігі, оның ішінде өтінім нысаны және оған қоса берілетін құжаттар) ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығымен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.