Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,87 теңгеге төмендеп, 501,49 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банк мәліметінше, долларының 19-24 наурыздағы ресми бағамы 505,22 теңгеге тең.
Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 503,75 теңге, сатылым - 509,49 теңге.
Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орташа есеппен 505,25 теңгеден сатып алады, 510,98 теңгеден сатады.