Жартылай орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, америкалық Эррол Спенс екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің аболютті чемпионы Сауль Альварес жартылай ауыр салмақта да аболютті чемпион болатындығына сенімді, деп хабарлайды Egemen.kz vRINGe.com-ға сілтеме жасап.
«Оның қолынан бәрі келеді. Расында да Сауль екінші салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атанады деп пайымдаймын. Өйткені ол тарихқа атын алтын әріптермен жазуға тырысады. Сауль Альварес жасап жатқан рекордтар басқа боксшылардың әзірге қолынан келмейді. Ол қалаған боксшысына қарсы шаршы алаңға шығады. Әр салмақта топ жарып, таңдай қақтырып жүр. Осылайша өзінің шын мықты екеніне күмән келтірмейді. Мен Саульге сенемін», дейді Спенс.