• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Наурыз, 2022

Тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ дүкенін тонаған 2 адам ұсталды

176 рет
көрсетілді

Алматыда «Камерад» қару-жарақ дүкенін тонаған екі адам құрықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қалалық полиция департаменті хабарлағандай, Алматы облысының 27-28 жас аралығындағы екі тұрғыны ұсталды.

Полиция қызметкерлері күдіктілердің біреуі бұрын да бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін істі болғанын анықтады.

«Бұл жолы күдіктілер қару-жарақ дүкенінің мүлкіне көз салды. 6 қаңтарға қараған түні олар «Камерад» қару-жарақ дүкенін тонап, одан 5 тегіс ұңғылы мылтық, патрондар мен оқ өтпейтін жиделерді шығарған. Күдіктілер ұсталып,  қамауға алынды», деп нақтылады Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Күдіктілерден заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта, ұсталғандардың басқа да, соның ішінде жаппай тәртіпсіздіктер кезінде орын алған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Айта кетсек, заңсыз әрекет ҚР ҚК-нің 291-бабы, 3-бөлігі бойынша тергелуде.