• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Пікір 25 Наурыз, 2022

Жаңа бастамаларға қолдау көрсетті

160 рет
көрсетілді

Ұлттық ғылыми медициналық орталығының ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында жариялаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауына қатысты пікірлерін ортаға салды.

Аталған жиында еңбек ұжымы Жол­даудың ең маңызды тұстарына тоқталды. Соның ішінде суперпрезиденттік басқару үлгісінен арыла отырып, Парламенттің рөлін күшейту және Мемлекет басшы­сы­­ның жақын туыстарына саяси лауазым­дарды атқаруға, сондай-ақ квазимем­ле­кет­тік сектордың компанияларын бас­қару­ға заң негізінде тыйым салу туралы бастамаларға белсенді қолдау көрсетті.

Бұл ретте «Ұлттық ғылыми медици­налық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Абай Байгенжин Парламент сайлауын пропорционалды жүйемен өткізуден бас тарту қоғам үшін көптен күткен қадам болғанын атап өтті. Дәрігерлердің пікірінше, партияларды тіркеу рәсімінің айтарлықтай жеңілдеуімен қатар, аудандық және қалалық мәслихаттар депутаттарының мажоритарлық тәсілмен сайлануы саясатқа халықтың сеніміне ие болған жаңа адамдардың келуіне ықпал ететіні сөзсіз. Екінші жағынан, бұл депутаттардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін арттырады. Жаңа партия­лар депутаттық мандаттар үшін саяси бәсекелестікті күшейтеді және көшелер мен алаңдардағы пікірталастардың Парламент пен мәслихаттарда көрініс табуына мүмкіндік береді.

– Біздің орталық 20 жылдан аса уақыт бойы еліміздің түкпір-түкпірінен келген пациенттерге жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетіп келеді. Біз аймақтардағы денсаулық сақтау жүйесінің бірдей дамып жатпағанынан хабардармыз. Осы орайда медицина қызметкерлері Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгертуге қатысты, Президент бастамасын толық қолдай­ды. Жаңа үш облыстың пайда болуы өңір­лердің дамуына елеулі серпін береді, тұрғындардың облыс орталығына барыс-келісін жеңілдетеді, ішкі көші-қонды реттеуді оңтайландырады. Ұсынылған жаңа облыстар атауы – Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары әр қазақстандық үшін ерекше қасиетті мағынаға ие. Негізгі географиялық атауларды қайтару, ұлт қайраткерлерінің есімін ұлықтау руханиятымызды күшейтуге ықпал ететіні сөзсіз, – деді А.Байгенжин.