Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Уфуқ Экиджимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қорғаныс ведомствосының басшысы биылғы жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті.
Осы уақыт ішінде тиімді екі жақты әскери ынтымақтастық, оның ішінде әскери білім беру, жауынгерлік даярлық және әскери-техникалық салада жолға қойылды.
Кездесу барысында тараптар келешектегі өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылады.