28-30 наурыз күндері Ақтөбедегі жекпе-жек сарайында таеквондодан 2005-2007 жылдары туған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үш күн бойы СҚО-дан бөлек еліміздің барлық өңірінен 478 спортшы 20 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды.
Ал жүлделі орыннан көрінгендер ұлттық құраманың қатарына шақырылып, бұл құрам Болгария астанасында өтетін әлем чемпионаты мен Моңғолия астанасында өтетін Азия чемпионатында бақ сынайтын болады.