• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Наурыз, 2022

Денис Сергиенко маунтинбайк турнирінде күміс медаль иеленді

158 рет
көрсетілді

Түркияның Алания қаласында маунтинбайктан ХСС (шорт-трек) дисциплинасы бойынша халықаралық турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Аталған сында қазақстандық спортшы Денис Сергиенко күміс медаль жеңіп алды. Ол швейцариялық Давид Рисбергке қана есе жіберген. 

Қола жүлдені тағы бір швейцариялық спортшы Вильгот Линдх иеленді. 

Жарысқа жалпы есебі 22 спортшы қатысқан. Оның екеуі мәреге жеткен жоқ.