Кеше, 26 наурыз күні сағат 21:30-да Петропавлдағы ЖЭО-2-де тағы бір апат болды, деп хабарлайды Egemen.kz Petropavlovsk.news-ке сілтеме жасап.
Өңірде нөлден төмен температура әлі де сақталып тұр. Қазір ЖЭО-2-де екі қазандық пен екі турбина ғана жұмыс істеп тұр.
Бұл ақпаратты «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметі растады, бірақ олар облыс орталығында жылу қашан қалпына келеді деген сұраққа жауап бере алмады.
Әзірге жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.