• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
15 Мамыр, 2010

СУБСИДИЯҒА СЕНІМ

495 рет
көрсетілді

БАНКТЕР БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕУДІ ҚАЙТАДАН ҚОЛҒА АЛДЫ Кеше “Rіxos Presіdent Astana” қонақүйінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен Экономикалық даму және сауда министрлігінің, барлық облыс әкімдіктерінің, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-тың, Қазақстан қаржыгерлері ассоциациясы және екінші деңгейлі банктердің арасындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің несиелері бойынша сыйақы мөлшерін субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге және “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасын іске асыру шеңберінде кепілдік беру жөніндегі келісімдерге ресми қол қою рәсімі болып өтті. Бұл — банктер бизнесті несиелеуді қайтадан қолға алды деген сөз. “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы Үкімет қау­лысымен бекітіліп, оның бірінші бағытын іске асыру шеңберінде жеке кәсіп­кер­лік субьектілеріне екінші дең­гейлі банктердің кре­диттеріне ке­піл­дік беру жөнін­дегі, сондай-ақ екінші деңгейлі банк кредиттерін субсидиялау жөніндегі және “Биз­нестің жол картасы-2020” бағдар­ла­ма­сының 1 және 3-бағыттарын іске асыру шеңберінде жеке кәсіпкерлік су­бьектілеріне екінші деңгейлі банк кредиттерін субси­диялау жөнін­де­гі ынтымақтастық туралы ке­лі­сімдер Үкімет отыры­сында ма­құл­данған бо­латын. Келі­сімдерде жеке кәсіп­кер­лік субъек­тілері үшін мем­ле­кеттік қолдау көрсету шаралары­ның шарттары мен те­тіктері бе­кітілген, сондай-ақ бағ­дарламаларға қатысушылар ара­сын­дағы байланыс тәртіптері рет­теледі. Мұндай қа­рым-қаты­нас­тардың реттелуі бағ­дарламаға қа­тысушылардың бар­лы­ғына бірдей қарауды, сонымен қатар мемлекет­тік қолдау көрсету ке­зінде қабыл­данатын шешімдердің ашықтығы мен мөлдірлігін қам­тамасыз етеді. Шарада “Бизнестің жол кар­тасы-2020” бағдарламасының 2 бағытын іске асыру шеңберінде Экономикалық даму және сауда министрлігі мен Қазақстан қар­жы­герлері ассо­циа­циясы арасын­да әрекеттестік ту­ра­лы меморан­думға да қол қойылды. Алдымен Эко­номикалық даму және сауда министрі Жанар Айт­жа­нова сөз алып, бүгінгі таң­да біздің алдымызда тұрған мін­дет­тердің бірі қазақстандық тауар өндірушілер үшін қаржы рес­урс­тарына қол жет­кізу және Ке­ден одағы шеңбе­рін­де ашылатын жаңа мүмкіндік­тер­ді барынша пай­далану, сондай-ақ оған жағ­дай жасау болып табы­ла­тын­дығын жеткізді. Отандық кә­сіп­кер­лерді мемлекет тарапынан қол­дау мақсатында Үкімет “Биз­нестің жол картасы-2020” бағ­дар­ламасын қабылдады. Бұл бас­та­ма қазақ­стандық бизнес қау­ым­дастығы және банк өкілдері­мен, сондай-ақ мемлекеттік ор­гандармен талқы­ла­нып, келісілді, деп атап өтті министр. Бағдарламаға республикалық бюджеттен 30 млрд. теңге қарас­ты­рылған. Бұл қаржы үш бағыт бой­ынша бөлініп отыр. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдауға 12 млрд. тең­ге бөлінетін болады, ал кәсіп­керлік секторды сауықты­ру­ға 16 млрд. теңге бөлу жоспар­лан­са, 2010 жылы экспортқа бағдар­ланған өн­дірісті қолдауға 2 млрд. теңге бө­лінбек. “Бизнестің жол картасы-2020” – елді ин­дус­триялан­дырудың 2020 жылға дейін­гі стратегиялық даму жос­парын іске асыру үшін әзір­ленген тетік­тердің бірі. Ол эконо­ми­каның шикі­зат­тық емес сек­торларын­да­ғы өңірлік кә­сіп­­кер­ліктің тұ­рақты және тең­­­герімді өсуін қам­­­та­масыз етуді, сонымен қа­тар жұмыс орын­дарын сақ­тау мен тұрақты жаңа жұмыс орын­дарын құруды көз­дейді. Қаты­су­шы жо­баларды ірік­теу ба­рысын­да алды­мен аг­ро­өнеркәсіп кешені, кен өндіру өнер­кәсібі саласын­дағы техни­ка­лық қыз­меттер, же­ңіл өнер­кәсіп және жиһаз шығару, құрылыс материал­дары мен ме­талл емес өзге мине­ралды өнім­дер өндіру, метал­лургия, металл өңдеу, мәшине жа­сау се­кілді өзге де өнеркәсіп сектор­ла­рына басымдық беріледі. Елбасы тапсырмасы бойынша Үкімет облыс әкімдіктерімен, бизнес қауымдастығы өкілдері­мен, екінші деңгейлі банктермен, қар­жыгерлермен қысқа мерзім ішінде бір­қатар нақты құжат­тар­ды тал­қылап, бүгін міне, қол қой­ып отыр. Мен еліміздің іс­керлік белсенділігін арттырудың нақты жолдарын көрсететін құ­жаттың маңызы жоғары екендігін айтқым келеді. Үкімет сіздермен бірге дағдарыстан кейінгі кезеңде ұлттық бизнесті алға жылжыту мақ­сатымен оның жаңа тыны­сын ашуға мүмкіндік бермекке барлық жағдайды жасауда. Біздер дағдарыстан кейінгі дамудың жаңа сатысында тұрмыз. Сон­дықтан экономикалық дамуды реттеуді қолға алуымыз қажет. Қазіргі экономикалық жағдай мүлдем басқаша. Бүгінгі күні бизнес-шешім жеке бастама­лар­ға, алдымен жеке секторға тие­сілі. Осы орайда Үкімет алдын­дағы міндет – бизнес өкілдерінің жұмыс жасауы­на жол ашу. Мы­салы, бүгінгі келісім бойынша қол жеткізілген несиені пайыз­дық мөлшерде субсидиялау. Ке­лісім арқылы енді бизнес өкіл­дері нақты шешімдер қа­былдап, бұл ресурстарды банк­терден ала беруіне болады, деді жиында сөз сөйлеген Үкімет бас­шысы. Оның айтуынша, облыс әкім­­діктері ендігі жерде жергілікті жерлерде жағдай жасауы тиіс, рес­публи­ка­да құрамына барлық сектор кірген үйлестіру кеңесі жұмыс жасамақ. Банкте қаржы бар, заемшылар бар, пайыз мөл­шері 7 пайызды құрайды. Яғни бар­лық жағдай жасалды, ендігі жұ­мыс бизнестің қо­лын­да, деді Премьер-Министр К.Мәсімов. Венера ТҮГЕЛБАЙ.