Синоптиктердің болжауынша, 29-31 наурыз аралығында еліміздің барлық аумағында жауын-шашын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«29 наурызда солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста таулы аудандарда, 30 наурызда елдің шығысында қатты жаңбыр жауып, қар жауады», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел 15-28 м/с дейін күшейеді, солтүстікте, оңтүстікте қатты екпінді жел 30 м/с дейін жетеді. Ал елдің орталығында бұрқасын болады деп болжануда.
Сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі:
Түнде республиканың солтүстік жартысында -6 дейін...+2°C болса, елдің оңтүстік жартысында ауа температурасының ауытқуы -5 дейін...+5°C болады.
Күндіз еліміздің батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа температурасы +10...+20°C дейін көтеріледі.
Республиканың солтүстігінде - +2...+8°C дейін күн жынынады, шығысы мен орталығында +3...+11°C дейін жылы болады.